Accessibility links

"Талибаннан" бөлінген топ жетекшісін сайлады


Ауғанстанның Құндыз қаласына тігілген "Талибан" туы. (Көрнекі сурет).
Ауғанстанның Құндыз қаласына тігілген "Талибан" туы. (Көрнекі сурет).

Ауғанстандағы "Талибаннан" бөлінген топ Мулла Мухаммад Расул Ахунды жетекшісі етіп сайлағаны хабарланды.

Шілдеде ауған барлау қызметі "Талибан" басшысы Мулла Омардың екі жыл бұрын қайтыс болғаны туралы ақпарат жариялаған соң Мулла Ахтар Мансур "Талибанның" жаңа басшысы болған. Мансур оған дейін Мулла Омардың орынбасары болған.​

Аты-жөнін атамаған дереккөзі Мансурдың сайланғанына наразы талибтер Мулла Мухаммад Расул Ахунды сайлап алғанын хабарлаған. Қозғалыстың тағы бір мүшесі Ахунд "10 жылдан астам уақыт Мулла Омармен бірге жүріп, сенімді серіктерінің бірі болғанын" мәлімдеді.

Мулла Омардың өлімінен соң "Талибаннан" тағы бір топ бөлініп шығып, "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына адал болуға ант берген.

XS
SM
MD
LG