Accessibility links

Кремль сыншысы ЕҚДБ-нің бас экономисі болды


Сергей Гуриев.
Сергей Гуриев.

Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) Кремльдің саясатын сынап келген бұрынғы Ресей үкіметінің кеңесшісін бас экономисі етіп тағайындады.

Лондонда орналасқан банк 44 жастағы Гуриев Париждегі оқытушылық қызметін 2016 жылдың ортасында аяқтаған соң банктегі жаңа қызметіне кірісетінін мәлімдеді. Гуриев ЮКОС-тың бұрынғы жетекшісі Михаил Ходорковскиймен және азаматтық белсенді Алексей Навальныймен жақсы қарым-қатынаста.

Экономист кезінде Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевтің кабинетінде кеңесші және Мәскеу жаңа экономика мектебінде ректор болған. Ол 2013 жылы қудалаудан қауіптеніп Францияға қашқан.

ЕҚДБ 1991 жылы пост-коммунистік елдердің нарықтық экономикаға өтуін ынталандыру үшін құрылған. Банк ЕО-ның былтырғы санкцияларына байланысты Ресейдегі жобаларын тоқтатқан.

XS
SM
MD
LG