Accessibility links

Ұлыбританиямен 5 миллиард доллардың келісімі жасалды


Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Лондон, 3 қараша 2015 жыл.
Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Лондон, 3 қараша 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбританияға сапарында сол елдің премьер-министрі Дэвид Кэмеронмен кездесіп, екіжақты экономикалық байланыстар мен халықаралық кейбір маңызды мәселелерді талқылаған.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуден соң өткен брифингте Назарбаев екі елдің іскер топ өкілдері газ, энергетика, мұнай химиясы мен фармацевтика салаларында 5 миллиард АҚШ долларына тең бірнеше келісімге қол қойғанын айтқан. Ұлыбританияның осы кезге дейін Қазақстан экономикасына салған инвестиция көлемі 12 миллиард долларға жеткен.

Назарбаевтың сөзінше, Кэмеронмен кездесуде Украина мен Таяу Шығыстағы жағдайлар да талқыланған.

Қазақстан президенті бұған қоса британ тарапымен Астана және Лондон қалалары арасында қосымша әуе рейсін ашу туралы келісілгенін де хабарлаған.

Назарбаев Ұлыбританияға ресми сапармен 2 қараша күні барған.

XS
SM
MD
LG