Accessibility links

Джон Керри Орталық Азияға сапарын аяқтады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесуде. Ашхабат, 3 қараша 2015 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесуде. Ашхабат, 3 қараша 2015 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Орталық Азия елдеріне сапарын аяқтады. Ол Вашингтонның аймақ елдерімен, оның ішінде Түркіменстанмен көп жақты диалогы артып келе жатқанын мәлімдеді. Керри 3 қарашада Ашхабатта Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездескен. Кездесу қарсаңында Керри өзіне дейін, 1992 жылдан бері Түркіменстанға АҚШ-тың бір де бір мемлекеттік хатшысы келмегенін айтқан.

Керри Самарқандта (Өзбекстан) Орталық Азия елдері сыртқы істер министрлерімен кездесуінде экономикалық даму, шекарадағы жағдай мен қауіпсіздік мәселесі туралы маңызды келіссөз болғанын айтты.

Керри кеше Душанбеде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен де кездесіп, Тәжікстанның исламшыл содырлармен күресіне және Ауғанстанмен шекарасын нығайтуына АҚШ-тың қолдау көрсете беретінін білдірген.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Орталық Азияға сапары барысында Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанға да барған.

XS
SM
MD
LG