Украина президенті Петр Порошенко шетел азаматтарына елдің қарулы күштерінде қызмет етуге мүмкіндік жасайтын заңға қол қойды. Заң жобасын парламент - Жоғарғы Рада 6 қазанда мақұлдаған.
Заң бойынша, шетелдіктер Украинаның армиясында және басқа да әскери құрылымдарында келісім-шарт бойынша жұмыс істей алады.
Украина президентінің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде өзгеріс "батальон деңгейіндегі, жалпы саны мың адамға дейін жететін тәжірибелі әрі машықтанған әскери бөлімдер құру арқылы" қарулы күштердің "әскери қабілетін арттыратыны" айтылған. Мәлімдемеде бұған қоса шетелдіктердің келуі Украина шығысында сепаратистермен қақтығыс жүріп жатқан тұста азаматтарды мобилизациялау қажетін азайтатынын да айтады.