Accessibility links

АҚШ пен Ресей ұшақтары Сирияда сынақ жасады


Сириядағы Ресей әскери ұшақтары. (Көрнекі сурет).
Сириядағы Ресей әскери ұшақтары. (Көрнекі сурет).

АҚШ пен Ресейдің жойғыш ұшақтары Сирия әуе кеңістігінде екі ел әскери-әуе күштері арасында оқыс оқиға болдырмау туралы жаңа қауіпсіздік хаттамасын сынау үшін бір-бірінен сегіз километр қашықтықта ұшып өтті.

Кремльдің Сирия президенті Башар Асадқа қолдау көрсетуіне қарсы Вашингтон Ресейдің Сирияда әуе шабуылдарын бастағанын ашық сынайды.

АҚШ Сирия аумағындағы әскери операцияларын Ресеймен үйлестіру мүмкіндігін жоққа шығарады. Бірақ қазан айында екі ел қауіпсіздік хаттамасына қол қойған.

Пентагонның мәлімдеуінше, тексеру шамамен үш минутқа созылған. Ресей операцияны "бірлескен әскери жаттығу" деп атағанымен, Вашингтон бұл шара тек хаттаманың қаншалықты жұмыс істейтінін тексеру үшін ғана керек екенін айтып, оның әскери жаттығу екенін жоққа шығарды.

XS
SM
MD
LG