Accessibility links

ИМ Иракта күрдтер қаласына шабуылдады


Ирактың Дибис қаласындағы күрдтердің пешмерга жасақтары. (Көрнекі сурет).
Ирактың Дибис қаласындағы күрдтердің пешмерга жасақтары. (Көрнекі сурет).

"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының содырлары Ирактың солтүстігіндегі Күрд автономиясында Дибис қаласына шабуылдап, кеше қала мэриясын басып алды.

Күрдтер бұған дейін ИМ содырларының автономия аумағына енуіне көбінде жол бермей келген. Қауіпсіздік күштерінің хабарлауынша, бірнеше жанкешті ғимарат кіреберісінде өздерін жарып, үш жанкешті ішке басып кірген.

Бұдан соң күрд қауіпсіздік күштері қарсы шабуыл бастап, бір жанкештінің көзін жойған. Қалған екеуі өз-өзін жарып жіберген. Қақтығыс кезінде төрт күрд сарбазы қаза тапқан. Шабуылдан соң қалада коменданттық сағат жарияланды.

Дибис "Ислам мемлекеті" 2014 жылы жазда Ирактың біраз аумағын басып алғанда қолға түсірген Киркук провинциясының бір бөлігі болған. АҚШ қолдайтын күрдтердің пешмерга жасақтары кейін содырлардан аймақтың біраз бөлігін қайтарып алған.

XS
SM
MD
LG