Accessibility links

Көкшетауда өзін өртеген адам қайтыс болды


Өзін-өзі өртеп жіберген Ерлан Бектібаев. Тараз, 24 қазан 2015 жыл. (Көрнекі сурет)
Өзін-өзі өртеп жіберген Ерлан Бектібаев. Тараз, 24 қазан 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Көкшетауда үстіне бензин құйып, өзін-өзі өртеген 20 жастағы жігіт ауруханада көз жұмды деп хабарлады жергілікті агенттіктер.

Ақмола облыстық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Дмитрий Чайковтың айтуынша, денесінің көп бөлігін күйік шалған жігіт 3 қараша күні түстен кейін қайтыс болған.

Ақмола облыстық ішкі істер департаменті 1 қараша күні Көкшетауда жас жігіттің өз үйінде үстіне бензин құйып, өртегенін хабарлаған. Денесін күйік шалған жігіт облыстық ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөлімінде жатқан еді. Департамент ол адамның өзін-өзі өртеуіне азаматтық некедегі жұбайымен ұрсысып қалуы себеп болғанын айтқан.

Қазақстанда соңғы бір айда осымен екінші адам өзін-өзі өртеп қайтыс болды. Қазанның 24-і күні Тараздағы «Нұр Отан» партиясы ғимараты алдында 20 жастағы Ерлан Бектібаев деген азамат өзін-өзі өртеп, сол күні қалалық ауруханада қайтыс болған. Ол өзін өртер алдында полиция қызметкерін кінәлап мәлімдеме жасаған.

XS
SM
MD
LG