Қазақстан қор биржасында (KASE) бүгін таңғы сауда қорытындысында бір АҚШ долларының бағамы 284 теңге 28 теңгеге жетті. 3 қарашада кешкі сауда 283 теңге 23 тиынмен жабылған.
Қазір ақша айырбастау орындарында долларды 284-287 теңгеден сатып жатыр.
Қазақстан теңгенің еркін айырбас бағамына 20 тамыз күні өткен. Билік сол кезде елдің қаржылық жүйесіне тұрақсыздық қаупі төнген жағдайда ұлттық банктің ішкі валюта нарығына қатысуы мүмкін екенін айтып, жаңа ақша-несие саясатының инфляциялық таргеттеуге негізделгенін хабарлаған еді.
Қарашаның 2-сі күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовті қызметінен босатып, орнына президент әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің жетекшісі Данияр Ақышевты тағайындаған.
Ұлттық банк қарашаның 2-сі күні қазан айында валюта нарығында 3,9 миллиард доллар сатқанын хабарлаған.