Accessibility links

Қазақстанда шикізат есебі туралы мекеме құрылмақ


"Қазатомпром" компнаиясы өндірген уран. (Көрнекі сурет).
"Қазатомпром" компнаиясы өндірген уран. (Көрнекі сурет).

Қазақстанда табиғи ресурстар мен олардың қоры туралы есеп беретін мемлекеттік мекеме құрылады деп хабарлады бүгін премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Үкіметтің хабарлауынша, бүгін Лондонда қазақстан-британ үкіметаралық комиссиясының 2-отырысында Қазақстанның индустрия және даму министрлігі мен Минералды шикізат қорларының есебі жөніндегі халықаралық стандарттар комитеті арасында меморандумға қол қойылған.

Меморандум тараптар арасында Қазақстанда минаралды ресурстар мен олардың қоры, геологиялық барлау мәліметтерінің ашықтығы кодексін дайындау үшін қабылданған. Кодекс қабылданса Қазақстанда ресурстар мен оның қоры туралы есеп беретін тәуелсіз ұлттық мекеме құрылмақ.

XS
SM
MD
LG