Астанада бүгін бірнеше қоғамдық ұйым Орталық Азия бітімгерлік күштерін құруды ұсынды. Бұл жайлы ұсыныс ұлттық мұражайда өткен, "Президент Назарбаевтың алғашқы сарбаздары" деп аталатын республикалық форумда жасалды.
"Тәжік-ауған шекарасындағы әскери қимылдар мен қақтығыстарға қатысқандардың ардагерлер одағы" жетекшісі Мұрат Мұхамеджановтың сөзінше, құрамына Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан кіретін бітімгерлік контингентін құру аймаққа қандай да бір қауіп-қатер төнген жағдайда жедел әрекет ету мақсатында керек.
Жиында президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атындағы бригада не дивизия құру туралы ұсыныс та айтылды.
Форумды "Тәжік-ауған шекарасындағы әскери қимылдар мен қақтығыстарға қатысқандардың ардагерлер одағы" ұйымы мен "Қайсар" әскери-патриоттық клубының Маңғыстау өңірлік лигасы" ұйымы ұйымдастырған.