Accessibility links

Ұлыбритания Синайдан ұшақ ұшыруды тоқтатты


Апатқа ұшыраған ресейлік Airbus A321 жолаушылар ұшағының сынықтары. Египет, 31 қазан 2015 жыл.
Апатқа ұшыраған ресейлік Airbus A321 жолаушылар ұшағының сынықтары. Египет, 31 қазан 2015 жыл.

Ұлыбритания 4 қарашадан бастап Синай түбегі үстінен ұшақ ұшыруды тоқтатты. Кеше Египет билігі 31 қазанда осы аймақта Ресей жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына ұшақ бортындағы жарылғыш зат себеп болуы мүмкін деп мәлімдеген. Ұшақ бортындағы «қара жәшікті» тексеріп жатқан Египет тергеушілері ұшқыштар кабинасындағы дыбыстарды жазып алатын аппарат жартылай зақымданғанын және ондағы сөздерді оқу үшін көп уақыт қажет екенін хабарлаған.

Екі күн бұрын АҚШ билігі ресейлік «Когалымавиа» компаниясына тиесілі Airbus A321 ұшағы өткен тұстағы инфрақызыл бейнелер бомба немесе ұшақтың жанармай багындағы жарылыс болуы ықтимал деп мәлімдеген. Египеттің Шарм-эш-Шейх қаласына н Санкт-Петербургке ұшып шыққан ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін 23 минуттен кейін онымен байланыс үзіліп қалған. Арада бірнеше сағат өткенде Египет билігі хабарсыз кеткен жолаушылар ұшағының Синай түбегіне құлағаны туралы хабарлаған еді. Ұшақтағы 224 адамның барлығы қаза тапты.

Египеттегі «Ислам мемлекеті» экстремистік тобымен байланысы бар содырлар ұшақ апатына қатысты жауапкершілікті өз мойнына алатынын мәлімдеген. «Ұшақты жерден атып түсірген» деген ақпарат тарағанымен, сарапшылар содырларда тым биіктегі ұшақты атып түсіретіндей зымыран кешені барына күмәнданады. Кеше Ресей мамандары апат құрбандарының сүйектерін іздеу аумағын 40 шаршы километрге дейін ұлғайтқан.

XS
SM
MD
LG