Accessibility links

Биржада доллар бағамы 307 теңгеден асты


Валюта айырбастау орнындағы доллар бағамы көрсетілген табло. Алматы, 5 қараша 2015 жыл.
Валюта айырбастау орнындағы доллар бағамы көрсетілген табло. Алматы, 5 қараша 2015 жыл.

Қазақстан қор биржасында (KASE) бүгін таңертеңгілік сауда нәтижесінде АҚШ долларының орташа бағамы 307 теңге 53 тиынды құрады. Саудада доллардың ең төменгі бағамы 302 теңге, ең жоғарғы бағамы – 309 теңге 50 тиын болған. Кеше биржада кешкі сауда қортындысында доллар бағамы 299 теңге 43 тиын болған еді.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында қазір бір АҚШ доллары 309-311 теңгеден сатылып жатыр.

Кеше Қазақстан ұлттық банкі «ұлттық қор мен ұлттық банктің валюталық активтерін сақтау үшін» елдің валюта нарығына қатысуын азайтатынын мәлімдеген. Ұлттық банк бұл саясатын тамыз айында жариялаған «теңге бағамын еркіне жіберу және инфляциялық таргеттеу» саясатына сай келеді дейді.

2 қарашада ұлттық банк басшысы Қайрат Келімбетов қызметінен кетіп, орнына Данияр Ақышев тағайындалған.

XS
SM
MD
LG