Accessibility links

Ресейде Boeing-737 ұшағын пайдаланбау шешімін түсіндірді


Boeing-737 ұшағы. (Көрнекі сурет.)
Boeing-737 ұшағы. (Көрнекі сурет.)

Ресейдің мемлекетаралық авиация комитеті (МАК) ресейлік әуе компанияларынан Boeing-737 ұшақтарын пайдалануға берген сертификатын қайтарып алу шешімін «Росавиация» мекемесінің Қазан қаласында болған ұшақ апатын тергеу қорытындысымен байланыстырды.

МАК-тың мәлімдеуінше, 2013 жылы қараша айында Қазанда Boeing ұшағы апатқа ұшыраған соң «Росавиация» бұл типтегі ұшақтарды жетілдіру мәселесін талай рет көтергенімен, өз құзыретіне сай Boeing-737 ұшақтарын пайдалануды шектеу шараларын жасамаған. «Осының салдарынан 20 миллион жолаушыға кәдімгідей қауіп төнген» делінеді МАК мәлімдемесінде.

МАК-тың сертификатты қайтарып алу шешіміне қарамастан ресейлік әуе компаниялары Boeing-737 ұшақтарын пайдалануды тоқтатпай отыр.

Қазір Ресей әуе компаниялары түрлі модификациядағы 135 Boeing-737 ұшағын пайдаланып келеді. Мұндай ұшақтар көбінесе «Аэрофлот», «ЮТэйр» және S7 әуе компанияларында бар. Рейстерінің көбінде Boeing ұшақтарын пайдаланатын «Трансаэро» әуе компаниясынан жолаушы тасымалдауға берілген лицензия өткен аптада қайтарылып алынған.

XS
SM
MD
LG