Accessibility links

Румыния экс-премьері сотқа шақырылды


Румынияның бұрынғы премьер-министрі Виктор Понта.
Румынияның бұрынғы премьер-министрі Виктор Понта.

Румынияның бұрынғы премьер-министрі Виктор Понта жұма күні Бухаресте алдын ала сот тыңдауына шақырылды. Ол коррупция, салықтан жалтару және арам жолмен алынған ақшаны заңдастыру қылмыстарына қатысты өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарады.

2012 жылдан бері Румыния үкіметінің жетекшісі қызметін атқарған 43 жастағы Виктор Понта өткен айдың соңында Бухаресте түнгі клубта шыққан өрттен ондаған адамның қаза табуына байланысты наразылық шерулерінен кейін, 4 қарашада отставкаға кеткен.

Румыния президенті Клаус Йоханнис премьер-министр міндетін атқаруды білім министрі Сорин Кымпянуге уақытша жүктеген.

XS
SM
MD
LG