Accessibility links

Си Цзиньпин мен Ма Инцзю кездесуіне қарсылық білдірді


Тайвань басшысы Ма Инцзюдың Қытай президенті Си Цзиньпинмен кездесуіне наразылар екі басшының бейнесі салынған плакат ұстап тұр. Тайпей, 4 қараша 2015 жыл.
Тайвань басшысы Ма Инцзюдың Қытай президенті Си Цзиньпинмен кездесуіне наразылар екі басшының бейнесі салынған плакат ұстап тұр. Тайпей, 4 қараша 2015 жыл.

Тайвань жетекшісі Ма Инцзюдың Қытай президенті Си Цзиньпинмен кездесуіне наразы ондаған адам Тайпейде парламент алдына шығып, Ма Инцзюды «Тайваньды сатып кетті» деп айыптаған.

Ма Инцзю мен Си Цзиньпин сенбі күні Сингапурде кездеседі деп жоспарланған.

Сингапурге аттанар алдында Ма Инцзю бұл кездесу ресми екі тарап арасында жоғарғы деңгейдегі тұрақты диалогтың бастауы болады деп үміттенетінін айтқан. Тайваньдағы оппозициялық Демократиялық прогрессивтік партия Ма Инцзюдің президенттік өкілеті аяқталар тұстағы бұл шешімін сынға алған.

Бұл 1949 жылдан бері Пекин мен Тайпейдің жоғарғы билік басшыларының алғашқы кездесуі болмақ.

Бұдан 66 жыл бұрын Мао Цзедунь басқарған Қытай коммунистік партиясы билікке келген соң Чан Кай-Ши бастаған Гоминьдан үкіметі Тайваньға қашқан болатын.

XS
SM
MD
LG