Бүгін Хорватия азаматтары парламент сайлауына дауыс беріп жатыр. Қоғамдық пікірді зерттеу сауалнамасының нәтижесі қазіргі ел премьер-министрі, социал-демократ Зоран Миланович басқаратын солшыл центристік альянсқа негізгі бәсекелес болып отырған консервативтік «Патриоттық коалицияның» рейтингі жоғарырақ екенін көрсеткен.
Әйткенмен саяси күштердің ешқайсы өздігінен үкімет құруға қажетті көп дауыс жинай алмайды деген болжам айтылып отыр.
Хорватия Еуропа Одағының құрамына енгелі бері алғашқы бүкілхалықтық сайлау экономикасы алты жылға созылған рецессиядан әупірімдеп шыққан елге мигранттар толасыз ағылып келіп жатқан шақта өтіп жатыр.