Accessibility links

ДСҰ: Сьерра-Леонде Эбола қаупі жоқ


Көрнекі сурет.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ) бүгін Батыс Африкадағы Сьерра-Леоне елінде Эбола қаупі сейілгені туралы мәлімдеме таратты.

Ұйым дерегі бойынша, соңғы 42 күн ішінде бұл елде қауіпті дертті жұқтыру оқиғасы тіркелмеген. Сьерра-Леонеде Эбола дерті ең алғаш тіркелген 2014 жылдың мамыр айынан бері бұл елде үш жарым мыңнан аса адам қаза болған.

Бұған дейін қыркүйек айында Либерияда Эбола дерті тиылғаны хабарланған еді.

Әзірше Африкада тек бір елде – Гвинеяда Эбола дерті жойылған жоқ.

AzattyqTV

Ескі әнұран есіңізде ме?
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:02 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG