Accessibility links

Киев пен жікшілдер келісімді бұзды деп бірін-бірі айыптады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Украина билігі елдің шығысында жанжалды ушықтырмақшы деп Донецк және Луганск облыстарындағы өзін өзі жариялап алған «халық республикаларын» (ДХР, ЛХР) жақтайтындарды айыптады.

Үкімет күштерінің мәліметі бойынша, сенбі күні кешкісін сепаратистер Зайцево, Опытное, Новгородское, Пески және Гранитное елдімекендеріндегі украиналық әскерилер позицияларын гранатомет пен атыс қаруынан атқылаған. Сонымен қатар Авдеевка мен Красногоровкаға да оқ жаудырған. Қаза тапқандар мен жаралылар туралы хабарланған жоқ.

Киевтің мәлімдеуінше, қазанның 18-інен қарашаның 6-сына дейінгі аралықта сепаратистер 350-ден аса рет «арандату үшін оқ атып», бұған дейін жасалған атысты доғару туралы келісім талаптарын 26 рет бұзған. Донбастағы атысты тоқтату режимін үйлестіру және бақылау жөніндегі украиналық бірлескен орталық қызметкерлері бұл атысты жанжал аймағында тұрақсыздық тудырып, осы жерден қару-жарақты алып кету жөніндегі шараны өткізбей тастауды мақсат тұтатындардың ісі деп санайды.

ДХР өкілдері болса өзіне қарасты аумақты өткен тәулік ішінде украиналық армия алты рет атқылағаны туралы мәлімдеген. Сепаратистердің мәліметі бойынша, Спартак және Зайчево елдімекендері оқ астында қалған. Қаза тапқандар мен жаралылар туралы дерек жоқ.

XS
SM
MD
LG