Accessibility links

Румыния: Өрт құрбандары саны 45-ке жетті


Бухарестегі наразылық акциясы. 5 қараша 2015 жыл.
Бухарестегі наразылық акциясы. 5 қараша 2015 жыл.

Румынияда Бухарестегі түнгі клубта болған өрттен кейін басталған наразылық акциясы алтыншы күнге созылды. Дегенмен, демонстрацияға қатысушылар саны азайып келеді. Ал соңғы мәліметтер бойынша, өрт құрбандары саны 45 адамға жеткен. 8 қарашада өрттен зардап шеккендердің төртеуі көз жұмған.

Өртке қарсы басталған наразылық акциясында премьер-министр Виктор Понта мен оның үкіметі отставкаға кеткен. 8 қарашада Бухаресте болған маршқа мыңға жуық адам, оның ішінде ел президенті Клаус Йоханнис те қатысты. Йоханнис бүгін саяси партиялармен жаңа үкімет басшысына үміткер туралы келіссөзді жалғастыратынын хабарлады.

Өрттен зардап шеккен жүз шақты адам әлі ауруханада жатыр. Олардың 40-ының халі ауыр. Өртке клубтағы от шашу себеп болған. Өрт басталғанда адамдар арасында дүрбелең туып, жұрт клубтағы жалғыз есікке қарай ұмтылған. Клубқа келгендердің көпшілігі өртенген ғимараттың ішінде қалып қойған.

XS
SM
MD
LG