Accessibility links

Рим Папасы: Ватикандағы реформалар жалғасады


Рим Папасы Франциск.
Рим Папасы Франциск.

Рим Папасы Франциск Ватикандағы басқару жүйесіне реформа жасауды жалғастыра беретінін мәлімдеді. 8 қарашада Ватикандағы бас алаңда жексенбілік уағызында Франциск Қасиетті тақ әкімшілігіндегі қаржылық заң бұзушылықтар жайлы мәліметтері бар құжаттардың жоғалуына қатысты бірінші рет түсінік беріп, "қылмыс" сөзін қолданды.

Франциск өткен аптада құпия құжаттар жайлы екі кітаптың жарияланып кетуін "жағдайды түзетуге көмектеспейтін, аянышты оқиға" деп атады. Джанлуиджи Нуццидің "Храмдағы саудагерлер" деп аталатын және Эмиллиано Фитипальдидің "Ашкөздік" кітабында Ватикандағы кейбір шенеуніктердің қиянаты мен жеңіл табысқа құнығушылықтары жайлы егжей-тегжейлі жазылады.

"Әрине, болған оқиғалар мені өз серіктеріммен бірге және сіздердің қолдауларыңызбен жүргізіп жатқан шіркеуді реформалау жұмыстарынан бас тартуға мәжбүрлей алмайды" деді Франциск.

Кітаптағы әшкере болған құжатар арасында Ватикандағы жоғары шенді дін қызметкерлерінің аса ірі көлемде қаржы алғаны және шіркеу басшылығының пайдасына қаржыны мақсатсыз жұмсағаны туралы мәліметтер де бар.

XS
SM
MD
LG