Франция сыртқы істер министрі Лоран Фабиус Ресей президенті Владимир Путин 30 қарашада БҰҰ-ның Парижде өтетін климаттың өзгеруіне қатысты саммитіне қатысатынын мәлімдеді.
Фабиустың айтуынша, 30 қарашада өтетін саммитке 100-ден астам мемлекеттің басшысы, оның ішінде АҚШ президенті, Қытай премьері, Ресей президенті қатыспақ.
Саммитте ғаламдық температураның жылынуын Цельсий бағаны бойынша 2 градустан төмендетуге арналған іс-шаралар туралы халықаралық келісім жасалады деп жоспарланған. Бірақ әзірге Кремль Путиннің саммиттке қатысатынын растай қойған жоқ.
АҚШ-та орналасқан Дүниежүзілік ресурстар институтының мәліметі бойынша, Ресей әлемде парник газын шығару көлемі бойынша Қытай, АҚШ, Еуропа Одағы және Үндістаннан кейінгі бесінші орында тұр.