Accessibility links

KASE: Доллар тағы қымбаттай түсті


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан қор биржасында (KASE) бүгін таңертеңгілік саудада АҚШ долларының теңгеге шаққандағы орташа бағамы 312 теңге 65 тиынды құрады. Бұл - өткен жұма күнгі таңғы сауда сессиясындағы бағамнан 5 теңге 12 тиынға жоғары. Биржа мәліметі бойынша, бүгін таңғы саудада 64 миллионнан астам доллар сатылған.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 312--313 теңгеден сатылып жатыр.

Өткен аптада Қазақстан ұлттық банкінің басшысы ауысып, банк төрағасы болып Данияр Ақышев тағайындалған. 6 қарашада ұлттық банк алтын-валюта қорын сақтау үшін валюта нарығына араласуын азайтатынын мәлімдеген. Бұдан соң теңге құны біршама төмендеген. Өткен аптаның басында доллар бағамы 279 теңгеден асып тұрса, жұма күні кешкі сессияда доллар 310 теңгеден асты.

XS
SM
MD
LG