Accessibility links

Ресейлік суретші ФСБ-ға қарсы акциясы үшін ұсталды


Ресейлік суретші Петр Павленский.
Ресейлік суретші Петр Павленский.

Ресейлік суретші Петр Павленскийді Мәскеуде 9 қарашаға қараған түні Федералдық қауіпсіздік қызметінің (немесе ФСБ) бас ғимаратына кіреберісін өртемек болғаны үшін тұтқындады. Азаттықтың Орыс редакциясының хабарлауынша, бұл жайлы "Медиазона" басылымына суретшінің әйелі Оксана Шалыгина айтқан.

Павленскиймен бірге "Дождь" телеарнасының журналистері Владимир Роменский мен Нигин Бероев та ұсталған. Павленский ұсақ бұзақылық жасады деген күдікпен полиция бөліміне жеткізілген. Журналистерді мұнда куәгер ретінде әкеліп, кейін босатып жіберген.

"Үрей еркін адамдарды бір-бірімен қосылмайтын денелердің массасына айналдырады. Сырттан бақылауға ұшырайтындар, телефондағы әңгімесіі тыңдалатындар мен төлқұжаттық тексеруге ұшырайтындардың барлығында сөзсіз жазалану қаупі бар. Әскери соттар адамның өз еркін білдірудің кез-келген тәсілін жойып жатыр" деді Павленский ФС өртеу акциясының мәні жайлы.

Ерекше флеш-мобтар ұйымдастыруымен аты шыққан Павленский бірінші рет қарсылық акциясын жасап отырған жоқ. 2013 жылы ол Мәскеудегі Қызыл алаңда дене мүшесін жерге шегелеп тастаған. Бір жылдан соң ол Pussy Riot панк-тобына қолдау білдіріп аузын тіккен.

2014 жылдың қазан айында Павленский Мәскеудегі Серб ский атындағы институттың шатырына шығып, құлағының ұшын кескен.

Суретшіні соңғы жылдары бірнеше рет психиатрлық сараптамаға жіберген, бірақ сараптаманың барлығы суретшінің ақыл-есі дұрыс деп тапқан.

Санкт-Петербургте Павленскийдің үстінен оның 2014 жылы ақпанда Украинадағы Майданға қатысушыларды қолдау мақсатында өткізген акциясы үшін сот жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG