Accessibility links

Қоғамдық кеңестер туралы заң қабылданды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қоғамдық кеңестер туралы" заңға қол қойды деп хабарлайды бүгін президенттің баспасөз қызметі. Заң жобасын парламент қазанның ортасында мақұлдаған.

Заңда қоғамдық кеңестер "қоғамдық мәні бар мәселелерде азаматтық қоғам пікірін білдіреді" деп көрсетілген. Қоғамдық кеңестің бақылауы мемлекеттік органдар рейтингін анықтауда пайдаланылуы мүмкін. Мемлекеттік органдар қоғамдық кеңестердің ұсыныстарын қарауға міндеттеледі.

Құжатта қоғамдық кеңесті "беделді, мемлекеттік қызмет істемейтін жәнеқоғамдық бастамаларға жұмыс істейтін қоғамдық тұлға" басқаратыны айтылған. Қоғамдық кеңес республикалық және жергілікті деңгейден құралмақ.

Заң жобасын талқылау кезінде кейбір құқық қорғаушылар құжатта қоғамдық бақылау тетіктерін нақтылай түсетін баптар бар деген. Заң жобасына қарсылар кеңестердің өзі мемлекеттік органға ұқсап кетуі мүмкін дейді.

XS
SM
MD
LG