Accessibility links

Непал футболшылары "елін сатты" деп айыпталды


Непал-Ауғанстан командалары ойыны. Көрнекі сурет
Непал-Ауғанстан командалары ойыны. Көрнекі сурет

Непал құрама командасының бес футболшысы «мемлекетке сатқындық жасау» айыбымен сотталып жатыр. Олар "құраманың матчында әдейі жеңілгені үшін ақша алды" деген күдікке іліккен. Прокурорлар бесеудің бәрін өлім жазасына кесуді сұрап отыр.

Құрама команданың бұрынғы капитаны Сагар Тапу, қақпашы Ритеш Тапу мен үш ойыншы бір ай бұрын қамауға алынған.

Куәгерлердің айтуынша, футболшылардың банк есеп-шоттарында 2011 жылы әлем чемпионатындағы іріктеу матчтарынан "әдейі жеңілген соң" қомақты қаржы табылған.

Сот өкілі AFP агенттігіне айыптауға Непалда 1989 жылы қабылданған елдің «егемендігіне, ұлттық тұтастығы мен бірлігіне» қауіп төндіретін әрекеттер туралы заң ілік болғанын айтқан.

XS
SM
MD
LG