Accessibility links

Ресейде 1 мамырдан бері авторлық құқықты бірнеше мәрте бұзған сайттарды «мәңгіге бұғаттауға» мүмкіндік беретін заң күшіне енді.

Мәскеу қалалық соты ең ірі торрент-трекерлердің бірі Rutracker.org сайтын «біржола бұғаттау» туралы шешім шығарды.Сот «Эксмо» баспасының ресурстан бірнеше авторлардың кітаптарына сілтемені алып тастау туралы шағымын осылайша қанағаттандырды. Шешім бірнеше айда күшіне енеді.

Rutracker сайтын бұғаттауға 300 мың музыкалық таралымды торрент-трекерден алып тастауды талап еткен Музыка индустриясының ұлттық федерациясы да мүдделі болды. Rutracker қолданушыларының арасында «талапты орындау керек пе» деп сауалнама жүргізіп, оған миллионға жуық адам қатысты. Қатысушылардың 67 пайызы «Алмау керек. Бұғаттаса да, оны айналып өтудің жолын іздеймін» деп жауап берген.

Ресейде 2015 жылдың 1 мамырынан бері авторлық құқықты бірнеше мәрте бұзғаны үшін «мәңгілік бұғаттауға» мүмкіндік беретін заң күшіне енген. Бұған дейін осы заңға сәйкес rutor.org трекері мен pleer.com. ресурсы біржола бұғатталған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG