Accessibility links

Арыстағы полигонда жарылыстан бір адам өлді


Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы. Көрнекі сурет.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстандағы полигондағы жарылыстан бір адам көз жұмған. Жарылыс 8 қараша күні «Қазтехнология» компаниясының полигоны территориясында болған.

Ресми хабарламада: «Компанияның «Утилизация орталығының» 42 жастағы технологы Ермұрат Иманқұлов әскери оқ-дәрілер мен өндіріс қалдықтарын жою кезінде жарылғыш заттардың жарылысынан қаза тапты» деп жазылған. Болған жайтты арнайы комиссия тексеріп жатыр.

XS
SM
MD
LG