Accessibility links

Ирандағы әзербайжандар наразылық танытты


Табриз қаласындағы этникалық әзербайжандардың наразылы туралы видеодан скриншот, Иран. 9 қараша 2015 жыл.
Табриз қаласындағы этникалық әзербайжандардың наразылы туралы видеодан скриншот, Иран. 9 қараша 2015 жыл.

Иранның солтүстік-батысындағы этникалық әзербайжандар балалар туралы бағдарламаға қатысты жаппай наразылық акциясын өткізді. Демонстрациялар ірі әзербайжан диаспоралары тұратын Табриз, Орумие және Занджан қалаларында болған. Кейбір ақпараттар бойынша, балаларға арналған телеарна бағдарламасында әзербайжан баланың дәретхана суына тіс шайып тұрғаны көрсетілген.

Табриздегі демонстрациядан түсірілген видеода полициямен қақтығыс болғаны байқалмайды. Бірақ оқиғаға куә болғандар Азаттықтың Иран редакциясына шерушілерді тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданылғанын және басынан жараланған екі шерушіні көргендерін айтқан.

Иран телехабарларын тарату корпорациясының басшысы бағдарламадағы көрініске қатысты көрермендерден кешірім сұрады. Ол журналистерге бағдарламаны эфирден алып тастағандарын хабарлап, бағдарлама редакторының қызметтен алынғанын және кейбір қызметкерлердің уақытша жұмыстан шеттетілгенін айтқан.

XS
SM
MD
LG