Accessibility links

БАҚ: Египетке ұшуға тыйым бірнеше жылға созылады


Апатқа ұшыраған Airbus A321 ұшағының сынықтары. Египет, 1 қараша 2015 жыл.
Апатқа ұшыраған Airbus A321 ұшағының сынықтары. Египет, 1 қараша 2015 жыл.

Ресей ұшақтарының Египетке ұшуына салынған тыйым бірнеше жылға созылады деп хабарлады ресейлік "Коммерсант" басылымына сілтеме жасаған Азаттықтың Орыс редакциясы.

31 қазанда "Когалымавиа" компаниясына тиесілі Airbus A321 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, борттағы 224 адам түгел қаза тапқан. Ұшақ Шарм-эш-Шейх қаласынан Санкт-Петербургке ұшып шыққан болатын. Апатқа жауапкершілікті "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен байланысты Египеттегі топ мойнына алған. 9 қарашада Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев ұшақ апатына теракт себеп болуы мүмкін екенін мәлімдеген. Египет билігі біразға дейін ұшақ техникалық ақаудан құлады деп келген.

"Коммерсант" мемлекеттік құрылымдардағы дереккөздеріне сілтеме жасап Ресей билігі ұшақ апаты Египет арнайы қызметінің "сатқындығынан" болғанын жоққа шығармайтынын айтады.

Дереккөзінің мәліметінше, тергеушілер Airbus ұшпай тұрып оның бортына белгісіз себеппен бөтен адам кірген деген ақпаратты тексеріп жатыр. Associated Press-тің Шарм-эш-Шейх әуежайы қызметкеріне сілтеме жасап хабарлауынша, қауіпсіздік талаптары үнемі бұзылып келген. Қызметкер тіркеуден өткен жүктер тексерілетін зонадағы сканерлердің жиі жұмыс істемей қалатынын, оларды электр қуатын үнемдеу үшін өшіріп қоятынын айтқан.

XS
SM
MD
LG