Accessibility links

"Жас Алаш" Жасан Зекейұлына қарсы шағым түсірді


Енді «Жас Алаш» Зекейұлына қарсы шағым берді
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:18 0:00

"Жас Алаш" басылымының үстінен өтіп жатқан сот процесі. Алматы, 10 қараша 2015 жыл.

"Жас Алаш" газеті «бұл басылым абыройым мен ар-намысымды қаралады» деп сотқа берген "Жас-Ай" тибет-шығыс медицинасы орталығының жетекшісі Жасан Зекейұлына қарсы шағымданды.

Алматы қаласы Алмалы аудандық 2-сотында өтіп жатқан бүгінгі сотта газеттің бас редакторы Рысбек Сәрсенбай "Жасан Зекейұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жеке журналистердің ғана емес, тұтастай редакция ұжымының, «Жас Алаш» газетінің халық алдындағы беделіне зиян келтіретін, шындыққа сәйкес келмейтін жала жариялап, көпшілікке таратты" деп мәлімдеді. Рысбек Сәрсенбай "Жасан Зекейұлы маған, бас редакторлардың екі орынбасары мен тілшісіне 100 миллион теңгеден - барлығы 400 миллион теңге моральдық шығын өндіруді сұраймын" деді. Судья талап-арызды бөлек тапсыру қажет екенін айтты.

Бүгінгі сотта жәбірленуші тарап өкілі «Жас Алаш» газетіндегі Жасан Зекейұлы туралы жазылған мақалаға жасалған филологиялық сараптамасын ұсынды. Алайда жауапкер жақ пен сотқа үшінші тұлға ретінде қатысып, сөз алған қоғамдық белсенділер сараптаманың "заң талабына сәйкес келмейтінін" айтты. Сот процесінде "Мақалада айтылған жайттар Жасан Зекейұлының ар-намысына тие ме, жоқ па?" деген мәселе де талқыланды.

«Жас Алаш» газеті жағынан қатысқан Маржан Аспандиярова талап арыз беруші Жасан Зекейұлының өзін сотқа шақыруды сұрады. Сот бұл өтінішті қабылдады. Жасан Зекейұлы бұған дейін сотқа жеке өкілін жіберіп келген.

Шағымданушы Жасан Зекейұлы соттан газеттің шығуын алты айға тоқтатуды, басылым мен тағы үш адамға жиыны 400 миллион теңге (1 миллион 500 мың долларға жуық - ред.) өтемақы төлетуді сұрайды. Жасан Зекейұлы газеттің жазбаша түрде кешірім сұрауын да талап еткен.

Бұл сот қазанның 12-сі күні басталған.

XS
SM
MD
LG