Ресейде саяси қарсылық ретінде Федералдық қауіпсіздік қызметі (немесе ФСБ) ғимаратының кіреберісін өртемек болған суретші Петр Павленский қамауға алынды. Мәскеу аудандық соты суретшіге "вандализм жасады" деген айып тағып, 8 желтоқсанға дейін қамауға шешім шығарды.
Петр Павленский өзі "қысым" деп атаған акция кезінде ФСБ штаб-пәтерінің есігіне бензин шашқан соң ұсталған. Суретші "ФСБ Ресейде 146 миллион адамды қорқыныш пен үрейде ұстап отыр" деп, өзіне терроризм айыбын тағуды талап еткен. Павленский бұған дейін саяси қарсылық ретінде Қызыл алаңда дене мүшесін жерге шегемен қағып, психиатриялық аурухананың шатырына шығып құлағының ұшын кескен.
Павленский өз әрекетін Ресейде тамыз айында терроризм айыбымен 20 жылға сотталған украин режиссері Олег Сенцовтың әрекетімен салыстырады. Сенцовтың өзі мен халықаралық құқық қорғау ұйымдары бұл істің саяси астары бар деп санайды.