Украина парламенті 29 қарашада елдің шығысындағы Мариуполь мен оған жақын Красноармейск қалаларында жергілікті органдарға сайлау өткізуді қолдап дауыс берді. Екі қала украин әскерінің бақылауында
Ресейшіл сепаратистер әрекет ететін Донецк облысында орналасқан бұл қалалар 25 қазанда аймақта өткен сайлауларға қатыстырылуы тиіс болатын. Бірақ сол кезде ішкі істер министрлігі "бюллетендердегі әлдебір қателер" бар деп, дауыс беру учаскелері ашылмай қалған.
Донецк мен Луганск обылстарының біраз бөлігі сепаратистер бақылауында.
Сепаратистердің өзін-өзі жариялаған "Донецк халық республикасы" мен Луганск халық республикасы" өткен айда аймақта белгілеген жергілікті сайлауды келесі жылға қалдыруға келіскен. Сепаратистер мұндай шегіністі Украина президенті Петр Порошенко мен Ресей президенті Владимир Путин Парижде келіссөз жүргізгеннен кейін жасады.