Accessibility links

Қазақстанда LiveJournal платформасы қайта қосылды


LiveJournal платформасының логотипі. (Көрнекі сурет).
LiveJournal платформасының логотипі. (Көрнекі сурет).

Қазақстанда LiveJournal блог-платформасының қызметі қайта қосылды деп хабарлады бүгін инвестиция және даму министрлігі байланыс, ақпарат және ақпараттандыру комитетінің баспасөз қызметі.

Блог-платформа жұмысы LiveJournal әкімшілігінің Қазақстан сотының ондағы кейбір материалдарды өшіру туралы шешімін орындағаннан кейін қалпына келтірілген.

"LiveJournal өкілдері блог-платформадан терроризм мен діни экстремизмді насихаттайтын, терроризм жасауға және жарылғыш құрылғылар дайындауға ашық шақыратын белгілері бар материалдарды өшіргенін хабарлады" делінген комитет таратқан ақпаратта.

Астананың Сарыарқа аудандық соты 2011 жылы 20 тамызда LiveJournal-ды "терроризм мен діни экстремизмді насихаттағаны үшін" бұғаттауға шешім шығарған.

XS
SM
MD
LG