Accessibility links

Қожағапанов: "Астана" клубы басшылығынан кеттім


Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов.
Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов.

Ерлан Қожағапанов "Астана" президенттік спорт клубының бас директоры қызметінен кетті. Бұл жайында ол Tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында айтқан.

Қожағапанов клуб бас директоры болып шілденің ортасында тағайындалған. Ол бұл қызметке қоса Қазақстан футбол федерациясының президенті қызметін де атқарады.

Қожағапановтың айтуынша, ол "Астана" клубындағы қызметінен федерациядағы жұмысына "көбірек назар аудару үшін" кеткен.

Ерлан Қожағапанов "Астана" президенттік спорт клубына басшы болып тағайындалғаннан кейін бірнеше футбол клубының басшылары «Ерлан Қожағапанов «Астана» футбол клубы кіретін «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының бас директоры болғандықтан, оның бұл лауазымда отыруында мүдделер қайшылығы бар» деп мәлімдеген еді. Қыркүйектің басында футбол федерациясына жолдаған хатында Айсұлтан Назарбаев та осы уәжге сүйенген. Әлгі хатта ол футбол саласын басқаратын шенеунік ретінде өз кандидатурасын қарастыруды ұсынған.

Ал 18 қазан күні Алматыда «Қазақстанның футбол трибунасы: әркімге сөз береміз» деген дөңгелек үстел өтіп, онда Айсұлтан Назарбаевтың жақтастары Қожағапановтың қызметінен кетуін талап еткен болатын.

XS
SM
MD
LG