Accessibility links

Белсенділер президент жолдауына ұсыныс айтты


Белсенділер билік пен президентке жолдау арнаған баспасөз конференциясында отыр. Алматы, 11 қараша 2015 жыл
Белсенділер билік пен президентке жолдау арнаған баспасөз конференциясында отыр. Алматы, 11 қараша 2015 жыл

Алматыда бүгін бір топ белсенді мен үкіметтік емес ұйым мүшелері Қазақстан президенті мен билігіне азаматтар атынан жолдау арнады деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Қазақстандық халықаралық адам құқығы жөніндегі бюро кеңсесінде өткен жиынға әлеуметтік-саяси зерттеулер орталығының жетекшісі Олеся Халабузарь, "Справедливость" қоғамдық қорының өкілі Руфина Галимзянова, экономист Ядикар Ганиев және заңгер Ақмарал Ізтаева қатысты.

Белсенділер билікке арнаған жолдауында девальвация, білім беру, адам құқығын өорғау, сот, прокуратура мен тергеу құрылымдарын реформалау, тұрғын үй мәселесі, жер мәселесін көтеріп, оларды шешу жолдарын ұсынған. "Азаматтық қоғам ықпалының өсіп келе жатқанын" айтқан белсенділер бұл мәселелерді президенттің жыл сайынғы жолдауына қосуды сұрайды.

Белсенділердің сөзінше, жолдауды түзуге 2 мың 500-ден астам қатысқан. Жолдауға ұсынылатын сұрақтарды азаматтардан телефон арқылы және әлеуметтік желілердің көмегімен алған.

XS
SM
MD
LG