Accessibility links

Салық туралы заңға өзгерістер мақұлданды


Парламент мәжілісі, Астана. (Көрнекі сурет).
Парламент мәжілісі, Астана. (Көрнекі сурет).

Парламент мәжілісінің депутаттары салық салу мен кедендік рәсімдеу мәселелеріне қатысты заң жобасына сенат енгізген өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдады. Жоба президенттің қол қоюына жіберілді.

Заң жобасында алкогольді өнімдер акцизіне салынатын салықты көбейту қарастырылған. Құжатта екінші деңгейдегі банктерді 2016 жылдың 1 қаңтарынан 1 шілдесіне дейін ипотекалық несиені қайта қаржыландыру бағдарламасына ілінген проблемалық несие қарыздарын кешірген жағдайда табыс салығынан босату қарастырылған.

Бұдан өзге, заң жобасында әуежай қызметі мен әуе тасымалына қатысты техникалық қызмет көрсетуден түсетін кірісті корпоративтік табыс салығынан босату да ұсынылған. Құжатта қоғамдық бірлестіктерге қозғалтқышының көлемі үш мың текше сантиметрден аспайтын бір жеңіл көлігі мен бір автобусына салық жеңілдігін қарастыру да айтылады.

XS
SM
MD
LG