Accessibility links

Статистика: Жұмыссыздық 4,9 пайыз болды


Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі. (Көрнекі сурет).
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі. (Көрнекі сурет).

Қазақстанда 2015 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында жұмыссыздар саны 441 мың адамнан асты деп хабарлады бүгін статистика комитеті.

Комитеттің он айдағы мәліметтер бойынша қысқа мерзімді экономикалық даму көрсеткіштері туралы есебінде он айда жұмыссыздық деңгейі еңбекке жарамды халық санының 4,9 пайызын құрағаны айтылады.

Өнеркәсіп өндірісінің көлем 2014 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 1,3% азайып, кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 2,2 пайызға төмендеген.

Комитет бұған қоса азық-түлік тауарларының бағасы – 6,1 пайызға, азық-түлік емес тауарларына – 13,9 пайызға, халыққа арналған ақылы қызметтерге – 5,2 пайызға көтерілгенін айтады.

XS
SM
MD
LG