Парламент мәжілісі бүгін Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) аумағында көлік құралдарының бірыңғай формасын енгізу туралы келісімді мақұлдады деп хабарлады жергілікті агенттіктер.
"Көлік құралдары паспорты мен өздігінен жүретін машиналар және техникалардың басқа да түрлерінің бірыңғай формасын енгізу және электронды паспорт жүйесін ұйымдастыру туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын инвестиция және даму вице-министрі Альберт Рау таныстырған.
Оның сөзінше, көлік құралдары паспортының бірыңғай паспортына қойылатын талаптарды Еуразия экономикалық комиссиясы бекітеді.
Альберт Раудың сөзінше, келісім көлік құралдары мен басқа да техникалардың ЕАЭО аумағында еркін жүруіне мүмкіндік жасайды.
Келісімге 2014 жылдың тамызында Мәскеуде қол қойылған.