Accessibility links

БҰҰ: Иран журналистерді қудалауды доғаруы керек


БҰҰ-ның Иран мәселесі жөніндегі арнайы өкілі Ахмед Шахид.
БҰҰ-ның Иран мәселесі жөніндегі арнайы өкілі Ахмед Шахид.

БҰҰ-ның адам құқығын қорғау жөніндегі сарапшылары Иранды келесі жылдың басында өтетін парламент сайлауы қарсаңында журналистер мен блогерлерді қудалап, тұтқынға алуды тоқтатуға шақырды. БҰҰ-ның Иран мәселесі бойынша арнайы өкілі Ахмед Шахид ақпарат құралдары өкілдерін "қорқытып, үрейде ұстау тәжірибесі" олардың елде еркін жұмыс істеуіне мүмкіндік бермейтінін мәлімдеді. Оның сөзінше, Иранда ой-пікірін білдіру еркіндігін басып-жаныштау күшейген, оның ішінде арнайы қызмет пен қауіпсіздік саласы қызметкерлерінің журналистерді тұтқындауы көбейген.

Шахид әсіресе таяуда Ислам революциясы сақшылары өкілдерінің бес журналисті ұстап әкетуіне ерекше алаңдаушылық білдірді. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, журналистер "батыс үкіметтері атынан қоғамдық пікірге ықпал етуге және Ислам республикасын әлсіретуге жұмыс істеген" деген күдікке ілінген.

Иран әлемде түрмеде отырған журналистер мен белсенділер саны жағынан алдыңғы орында тұр.

XS
SM
MD
LG