Ресей президенті Владимир Путин бүгін Сочиде елдің әскери сала басшыларымен қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту проблемалары жөніндегі қорытынды жиын өткізеді.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың журналистерге хабарлауынша, Путин бұған қоса Ресей қауіпсіздік кеңесі тұрақты мүшелерімен де жиын өткізбекші. Песковтың сөзінше, бұл жиын «Үлкен жиырмалық» (G20) елдері саммиті қарсаңында өтетіндігімен маңызды болмақ.
G20 саммитін қарашаның 15-16 күндері Түркияның Анталиясында өткізу жоспарланған.