Жұма күні түнге қарай Франция астанасындағы Stade de France стадионына жақын маңда болған атыс пен жарылыс кезінде кем дегенде отыздан астам адамның өлгені хабарланды. Халықаралық БАҚ-тардың жазуынша, 11-аудандағы ресторанда бір адам жиналғандарға оқ жаудырған.
Франциялық БАҚ Париждегі Батаклан өнер орталығында болған атыстан кем дегенде он шақты адамның өлгенін, сол ғимараттағы концерт залында әлдекімдердің 60-қа жуық адамды кепілге алғандарын айтты. Кейбір ақпаратқа сәйкес Stade de France стадионының маңындағы барда үш жарылыс болған. Стадионда Франция мен Германияның футболдан ұлттық құрамалары жолдастық кездесу өткізіп жатқан. Матчты тамашалауға келген Франция президенті Франсуа Олландтың дереу қауіпсіз жерге әкетілгені белгілі болды.