Францияның оңтүстігінде бүгін жүрдек пойыз темір жолдан шығып кетіп, салдарынан бес адам қаза тапқан. Жаңа пойыз Париж және Страсбург арасындағы жаңа темір жолды сынақтан өткізіп жүргенде апатқа ұшыраған.
Төтенше оқиға Францияның Германиямен шекарасына жақын маңда болған.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, рельстен шығып кеткен локомотив темір жол бойындағы арнаға құлаған.
Жаңа бағыт бойынша жүрдек пойыз қатынасын 2016 жылдың сәуір айында іске қосу жоспарланған еді.