Accessibility links

Францияда пойыз апатынан өлгендер саны онға жетті


Апатқа ұшыраған пойыз. Франция, 14 қараша 2015 жыл.
Апатқа ұшыраған пойыз. Франция, 14 қараша 2015 жыл.

Францияда ұшқыр пойыз апаты салдарынан мерт болғандар саны он адамға жеткен. Пойыз апатынан зардап шеккен 32 адамның 12-нің жағдайы ауыр деп хабарланды. Тағы бес адамның хабарсыз кеткені айтылады.

Париж бен Страсбург арасындағы жаңа темір жолды сынақтан өткізіп жүрген пойыз сенбі күні апатқа ұшыраған. Төтенше оқиға Францияның Германиямен шекарасына жақын маңда болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, апат техникалық себептерден болған.

Жаңа бағыт бойынша ұшқыр пойыз қатынасын 2016 жылдың сәуір айында іске қосу жоспарланған еді.

XS
SM
MD
LG