Accessibility links

АҚШ Гуантанамоның 5 тұтқынын БАӘ-ге берді


Гуантанамо түрмесі.
Гуантанамо түрмесі.

АҚШ Гуантанамодағы әскери базада отырған бес тұтқынды Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) экстрадициялағанын хабарлады. Пентагон 15 қарашада таратқан ақпаратында БАӘ билігінің АҚШ-тың Гуантанамодағы түрмені жабу әрекетін қолдау ниетіне алғыс білдірген.

АҚШ Кубадағы Гуантанамо әскери-теңіз күштері базасында орналасқан, терроризм айыбымен сотталғандар отыратын түрмедегі тұтқындарды біртіндеп босатып, түрмені жаппақ ниетте. Вашингтон бұған дейін ондаған тұтқынды бірнеше елге табыстаған.

Гуантанамода әлі 107 тұтқын жазасын өтеп жатыр.

XS
SM
MD
LG