Accessibility links

Биржада доллар бағамы сәл қымбаттады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан қор биржасында (KASE) бүгін таңертеңгілік саудада бір АҚШ долларының орташа бағамы 308 теңге 36 тиын болды. Өткен аптаның жұма күні кешкі саудада доллардың орташа бағамы 307 теңге 73 тиын болып жабылған. Оған дейінгі үш күн бойы доллар бағамы 306 теңге шамасында болып тұрған. Биржа ақпаратына қарағанда, бүгін таңертең 72,5 миллион доллар сатылған.

Ақша айырбастау орындарында доллар 308-310 теңге аралығында сатылып жатыр.

Қараша айының басында Қазақстан ұлттық банкінің басшысы ауысып, банк төрағасы болып Данияр Ақышев тағайындалған. 6 қарашада ұлттық банк алтын-валюта қорын сақтау үшін валюта нарығына араласуын азайтатынын мәлімдеген. Бұдан соң теңге құны біршама төмендеген. Қарашаның басында 279 теңгеден асып тұрған доллардың орташа бағамы 9 қарашада 312 теңгеден асып, ең жоғары көрсеткішке жеткен.

XS
SM
MD
LG