Accessibility links

Борис Немцов Магнитский сыйлығымен марапатталды


Борис Немцов Сергей Магнитский ісінің әділ тергелуін талап еткен акцияда тұр. Мәскеу, 24 наурыз 2015 жыл.
Борис Немцов Сергей Магнитский ісінің әділ тергелуін талап еткен акцияда тұр. Мәскеу, 24 наурыз 2015 жыл.

Ресейлік оппозицияшыл саясаткер, қастандықтан қаза тапқан Борис Немцов демократияны дамыту мен адам құқығын қорғауға қосқан үлесі үшін халықаралық Сергей Магнитский атындағы сыйлықпен марапатталды. Азаттықтың Орыс қызметінің хабарлауынша, марапат жүлдесін Борис Немцовтың қызы Жанна Немцоваға ресейлік бұрынғы олигарх Михаил Ходорковский тапсырған.

Ресейлік Hermitage Capital қорының заңгері, тура алты жыл бұрын тергеу абақтысында көз жұмған Сергей Магнитский сыйлықты тапсыру рәсімі 16 қарашада Лондонда өтті.

Магнитский атындағы сыйлық тоғыз номинация бойынша беріледі. Сыйлыққа ие болғандар арасында "Магнитский тізімін" жасаған Бельгия экс-премьері, қазір Еуропарламентте либералдар фракциясының жетекшісі Ги Верхофстадт пен АҚШ конгресінің адам құқығы жөніндегі комиссиясының төрағасы Джим Макговерн де бар. "Үздік журналистік зерттеу" номинациясы бойынша сыйлық Магнитский әшкерелеген 230 миллион доллар қаржының жымқырылуын зерттеген коррупция мен ұйымдасқан қылмыстарды зерттеу үкіметтік емес орталығына берілді.

Магнитский атындағы сыйлықты Transparency International халықаралық құқық қорғау ұйымы, британ парламентінің антикоррупциялық тобы, Генри Джексон қоғамы, Орталық және Шығыс Еуропа жөніндегі Канада кеңесі тағайындаған.

XS
SM
MD
LG