Accessibility links

Бюджет жобасында доллар бағамы 300 теңгемен есептелмек


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Республикалық бюджеттің 2016-2018 жылдарға арналған жобасын 1 АҚШ долларының бағамы 300 теңгеге есептеп түзу жоспарланып отыр деп хабарлады бүгін ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.

Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, Досаев бұл туралы парламент мәжілісінің қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысы алдында айтқан.

Бұған дейін мәжіліс депутаттары теңге бағамының құбылып тұруына байланысты 2016-2018 жылдарға арналған бюджет жобасының кейбір тармақтарын қайта қарайтынын хабарлаған.

Қазақстан үкіметі тамыздың 20-сы күні ұлттық валюта - теңгенің долларға шаққандағы бағамын бұрынғы 185 теңге деңгейінде ұстап тұрудан бас тартқан. Бұдан соң теңге құны 60 пайызға жуық арзандаған.

XS
SM
MD
LG