Accessibility links

Капиталға рақымшылық жасауды ұзарту заңы қабылданды


Ақорда, Астана. (Көрнекі сурет).
Ақорда, Астана. (Көрнекі сурет).

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда қаржы мен жылжымайтын мүлікті заңдастыру мерзімін ұзарту туралы заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобасына қол қойды деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Назарбаев «Қазақстан азаматтарына, оралмандарға және Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар тұлғаларға мүліктерін заңдастыруына байланысты рақымшылық жасау туралы кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына қол қойған. Бұл құжатта ақша мен мүлікті заңдастыру мерзімін ұзарту, заңдастыру процедураларын жетілдіру қарастырылған.

Қазақстанда қаржы мен жылжымайтын мүлікті заңдастыру акциясы 2014 жылдың 1 қыркүйегінде басталып, шара 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасатын болған.

Заңға сай, рақымшылықпен жария етілетін капиталға ақша, бағалы қағаздар, заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы үлесі, құрылыс нысандары мен ғимараттар, басқа адамның атына рәсімделген және Қазақстаннан тысқары аумақтардағы жылжымайтын мүліктер жатады.

Бірақ қылмыстық әрекеттер, конституциялық құрылым мен мемлекеттік қауіпсіздікке қарсы қылмыстық жолмен, сыбайлас жемқорлық және басқа да мемлекет мүддесіне қайшы келетін әрекеттер арқылы алынған мүліктерге рақымшылық жасалмайды.

Бұған дейін Қазақстанда жасырын капиталға рақымшылық жасау процесі екі мәрте – 2001 жылы және 2006 жылы жүргізілген.

XS
SM
MD
LG