Accessibility links

Ресей: Airbus A321-де теракт болған


Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің басшысы Александр Бортников.
Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің басшысы Александр Бортников.

Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің басшысы Александр Бортников (немесе ФСБ) Египетте апатқа ұшыраған "Когалымавиа" компаниясына тиесілі Airbus A321 жолаушылар ұшағына теракт жасалған деп мәлімдеді.

Бұл жайында ол бүгін Кремльде Ресей президенті Владимир Путиннің басшылығымен өткен ұшақ апатын тергеу қорытындысы туралы жиында айтқан. "Мұны террорлық акт деп айтуға әбден болады" деген Бортников.

31 қазанда Шарм-эш-Шейх қаласынан Санкт-Петербургке ұшып шыққан Airbus A321 ұшағы апатқа ұшырап, борттағы 224 адам түгел қаза тапқан. Апаттан соң ұзамай "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының Египеттегі бөлімшесі ұшақтың құлауына қатысы барын мәлімдеген.

Жиында Путин "Біз Синайдағы терактіге кінәлілерді әлемнің қай жерінде болса да тауып, жазалаймыз" деді. Оның сөзінше, Ресей Сирияда әуе шабуылын күшейтіп, "қылмыскерлердің ісінен міндетті түрде кек қайтармақ.

Әуелде Ресей мен Египет билігі ұшақ техникалық ақаудан құлаған деуден танбаған. Ал Батыс елдерінің арнайы қызметтері ұшақ бортында жарылыс болған деген болжам айтқан

XS
SM
MD
LG